Accessibility links

Грузия полициясы парламент алдына шыққан оппозиция митингісін таратып жіберді


Полиция наразылық танытушыларға қарсы су шашатын құрал мен көзден жас ағызатын газ пайдаланды. Кейбір ереуілшілер соққыға жығылды. Қанша адам жарақат алғаны анық емес. Оппозицияның ереуілі қарашаның екісінен бері жалғасып жатыр, олар президент Михаил Саакашвили қызметінен кетсін деп талап қояды. Наразылық танытушылар Грузия президенті коррупциямен айналысады, экономикалық мәселелерде қате жасады дейді. Грузия президенті бұл айыптарды жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG