Президент М.Саакашвилиді биліктен кетуін, кезектен тыс парламент сайлауын өткізуді және саяси тұтқындарды дереу босатуды талап етіп, Грузияның астанасында наразылық митингісі өткен жұма күні басталған болатын. Сәрсенбінің таңында Тбилисидің Шота Руставели атындағы орталық алаңын шерушілерден тазарту үшін полиция жасағына бірнеше сағат қана керек болды. Парламент үйі алдында жиналған 100 шақты адамды, соның ішінде аштық жариялаушы 10 шақтысы бар болатын, қуу үшін полиция өз құралдарының барлығын пайдаланды. Бірнеше оппозиция белсенділері қамауға алынды. Бұл көріністерді теледидардың түсіруіне полиция кедергі жасауға тырысқан екен. Дегенмен, шерушілерді қуып таратудың кейбір көріністері теледидардан берілді.
Көп өтпей-ақ, босап қалған алаңға шерушілер мен оппозиция басшылары қайта оралды. Тез тарамаса оларға қарсы заңдық шаралар қолданылатындығын дыбыс күшейткіштерден полиция хабарлап жатты. Көп өтпей-ақ шерушілерге су шашып, көз жасаурататын газ қолданып жатқан полиция әрекеттері теледидардан көрсетілді.
Бірнеше ондаған шерушілер, соның ішінде оппозиция басшылары да бар, парламент үйінен баспана табуға тырысуда. Сондай-ақ жараланғандардың дәл санын қазір айта қою қиын. Бұл басып-жаншу әрекеттерін көптеген оппозиция басшылары айыптап отыр. Мысалы, бұрынғы министр Саломе Зурабишвили былай деді:
“Демократия қазір біздің жағымызда. Полиция формасындағы бір мыңдай адамды аштық жариялаушы, олардыің ішінде әйелдер де бар, адамдарға қарсы жұмсау арқылы ел үкіметі соны көрсетті. Егер демократияны осы десе, біз ол ұғымды жақсырақ түсінеміз дегім келеді. Біз грузин бауырларымызды президент Саакашвилидің емес, грузиндердің досы болуға шақырамыз. Ол бүгін өзінің большевиктік диктатор екендігін көрсетті”.
Тбилиси мэрі Гиги Угулаваның айтуынша, бас алаңды тазалау жөнінде басшылар дер кезінде шешім шығарды.
«Шерушілер бұл алаңды шатырлар аймағына айналдыруды ойластырған еді. Қаламызды қайтадан шатырлар мен дөңгелектер, ұйықтауға арналған қаптар мекеніне айналдырудың алдын-алдық», деді мэр.
Ал, парламент төрағасы Нино Буржанадзе парламентке тығылғандармен сөйлесіп, парламентке мүше еместердің ғимараттан шығуын талап етті. Және олардың қауіпсіздігіне өзінің жауап беретіндігіне уәде берді. Теке-тіресті мәселелердің келіссөздер арқылы шешілуі тиіс екендігіне сенетінін айтты. Оппозиция мен билік арасындағы келіссөздер сәрсенбінің кешінде басталмақшы.