«Айқын» басылымы сәрсенбілік санында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының директоры Кристиан Штрохалдың Қазақстанға келген сапарының мақсатына және осы сапары барысында биылғы тамыздың 18-і күні Қазақстанда өткен парламент сайлауын бақылаған аталмыш бюроның сайлауға қатысты есебін таныстырғанына назар аударыпты. «Мәселен, ЕҚЫҰ бюросы Қазақстандағы сайлауға қатысты өзінің есебінде сайлау өткізуде көптеген оң өзгерістер болғанын тілге тиек ете отырып, әділ әрі ашық сайлау өткізуде ілгерлеушіліктің болғанын атап көрсетіпті» деп жазады «Айқын». Ал Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ-на төраға болу мүмкіндігі жайында осы басылымға өз ой-пікірін білдірген Қазақстан президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Сағынбек Тұрсынов «ЕҚЫҰ бюросының бастығы Кристиан Штрохалдың Қазақстанда өткен сайлауға, конституциялық өзгерстерге оң баға бергені - бұл осы ұйымға Қазақстанның төраға болу мүмкіндігін арттырады, алайда ЕҚЫҰ жарғысы бойынша осы ұйымға мүше 57 елдің біреуі не екеуі қарсылық білдірсе, онда төрағалық ету мәселесі шешілмей қалады» десе, саясаттанушы Берік Әбдіғалиев «Қазақстанның 2009-шы жылы ЕҚЫҰ-на төраға болу мәселесінің шешілмейтін түрі бар» деген ойын айтыпты. «Өйткені, ЕҚЫҰ-ның өзі тамыздағы сайлауға сыни пікір білдірген болатын, енді осы ұйымның бюросы сайлауға оң баға беріп отыр, яғни бәрімізді әрі-сәрі күйге қалдырып отыр» депті сарапшы.
Осы тақырыпты көтерген «Время» газеті «ЕҚЫҰ бюросының сайлау туралы осындай жақсы есебін тыңдаған кезде Орталық сайлау комиссиясы басшылары мен мүшелерінің көздеріне сірә қуанғандарынан жас та келген шығар» деген кекесін ой тастапты. Алайда, ол есеп-баяндамада сайлауға қатысты кейбір кемшіліктер мен заң бұзушылықтар болғаны да айтылыпты. Бірақ бұны естіген Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов бұл кемшіліктер туралы «ОСК-ның өз жеке пікірі бар, біз ол болған кемшіліктерді жасаған адамдарды айыптау үшін емес, оның себептерін тауып, оны болашақта болдырмау үшін жұмыс істейміз» дегені кімді болсын үлкен ойға жетелейтін сұрақ күйінде қалып қойды деп жазады газет тілшісі. Ал осы газетке көлемді сұқбат берген Қазақстандағы адам құқықтары мен заңдылықтың сақталуы жөніндегі халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис ЕҚЫҰ бюросының Қазақстандағы сайлауға қатысты осы жолғы есеп-баяндамасы бұрынғы жылдармен салыстырғанда тым дипломатиялық есеп баяндама болып шыққанын айтыпты. «Сөйте тұра, осы ұйымға төраға болғысы келіп отырған ел үшін қатаң талаптардың бар екендігі байқалады, яғни біздің демократия жолында ілгері қадамдар басқанымызды айта отырып, ЕҚЫҰ секілді беделді ұйымды басқаруға әлі жетпегенімізді ашық болмаса да түсінетін жағдайда айтып отыр. Сондықтан, бәлкім, Қазақстанның осы ұйымға төраға болу өтінішін 2012 жылға дейін кейіндететін болу керек» депті қазақстандық адам құқығын қорғаушы.
«Литер» басылымы сәрсенбілік санында Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың үкімет басшысы К.Мәсімовтың талабы бойынша өзінің екі орынбасары - Яков Заяц пен Қайрат Бөкеновты қызметтерінен босатқанын жазыпты. «Алматы әкімі өзінің бірінші орынбасары етіп бұған дейін орынбасар қызметінде болған Мәулен Мұқашевті тағайындаған, ал Алматыдағы Медеу ауданының әкімі қызметін атқарып келген Василий Крылов пен көлік басқармасына басшылық еткен Қанат Сұлтанбеков қала әкімінің орынбасарлары болды. Ал Яков Заяц Алматы әкімдігінде сәулет және қала құрылысы департаментіне басшы болатын болса, осы департаментті басқарып келген Сұлтан Баймағамбетов қала әкімінің кеңесшісі қызметіне баратын болды» деп жазады «Литер» газеті.
Осы тақырып бойынша «Айқын» басылымына өз ой-пікірлерін білдірген сарапшылар заңсыз жер бөлуге қатысы бар шенеуніктер әкімшілік жазамен ғана құтылмаулары керек, оларды қатаң жазалау жөн деген пікір білдіріпті. Мысалы, депутат Бекболат Тілеуқан әлі де ұсталмай жүрген жемқор шенеуніктер бар екендігін айтып, оларға жазаны ауырлату керек десе, заңгер Сәкен Өзбекұлы «қарға қарғаның көзін шұқымайды» дегендей, үкіметтің қылмыскер, жемқор шенеуніктерге шамасы келмейді, сондықтан олардың қайсыбірінің әкімшілік жазаға тартылғанына да тәубә дейік» депті.
«Экспресс-К» газеті сәрсенбілік санында қорғаныс министрі Даниял Ахметовтың бұйрығымен осыған дейін Қазақстанның қарулы күштерінде жоғары лауазымды қызметтер атқарып келген полковник әскери шеніндегі бірқатар адамның қызметтерінен босатылғандығы туралы хабарлапты. «Бұлар жоғары әскери басшылықтың бұйрығы мен тапсырмаларын дұрыс орындамағандары үшін осылай жазаланып отыр» деп жазады «Экспресс-К» газеті.