Қазақстан қоғамында «Рахатгейт» деп аталыпп кеткен, президенттің бұрынғы күйеу баласы әрі Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиев пен оның сыбайластарының үстінен «Нұрбанктың» төңірегіндегі даулы мәселе бойынша сот ісі 9 қарашада Алматыда басталмақшы. Сотта Рахат Әлиевтің жақтаушысы кім болары әзірге белгісіз. Бұрын, ел президентінің үлкен күйеу баласының тасы өрге домалап тұрған шақта, талай сотта Әлиевтің ар-ожданына араша боп жүрген Любовь Балмағамбетованың тағы да жақтаушы болатынына кейбір басылымдар күмән келтіреді. Кейбір басылымдар Рахат Әлиевтің шетелдік жақтаушылары бақылаушы ретінде де сотқа қатысудан бас тартқанын жазады.
Қарашаның 5-күні Алмалы аудандық сотында осы іс бойынша алдын-ала тыңдау өткізілген болатын. Онда сот төрағасы Нұрділлә Сейтов жақтаушылардың берген 26 өтініш-арыздарының тек 3-ін ғана қанағаттандырыпты. Жергілікті басылымдарға берген сұхбатында, сотқа тартылғандардың жақтаушыларының бірі Алексей Чернобиль қылмыстық іс бойынша Сергей Кошлай мен Иван Лихоузов деген азаматтарға тағылған «адам ұрлауға қатысы бар» деген айып алынып тасталып, «қылмыс туралы дер кезінде хабарламаған» деген айыпқа өзгертілгенін айтыпты. Жәбір көруші ретінде сотқа, биылғы қыс мезгілінің аяғында Алматыда жоғалған «Нұрбанктың» бұрынғы басшыларының бірі Жолдас Темірәлиевтің әйелі Армангүл Қапашева да қатыспақ. Ол қазіргі уақытта сот істерімен танысып жатқанын айтады.
«Мен соттың іс қағаздарымен, сараптама қортындысымен танысып болдым, қазір айыптау қортындысымен танысып жатырмын. Ол барлығы бес жүз беттен асады екен. Сотқа тартылғандар екі рет адам ұрлау фактысы бойынша, яғни 18-19 ақпан мен 31 ақпандағы оқиғаларға байланысты және мүлікті тартып алу, құжаттарды қолдан жасау, ұрып-соғу фактілері бойынша айыпталып отыр. Жалпы, менің айтарым, мен бұрындары полициямен ісім болған емес, ал қазір міне биылғы мамыр айынан бері полициямен ісім болғалы, мен оларға кәдімгідей құрметпен қарайтын болдым. Олардың күн-түн демей істеп жатқандарына ризамын», - деді А.Қапашева.
Тағы бір айта кетерлігі, жергілікті басылымдар бұл сот ісінің ашық жағдайда өтетінін жазуда. Бірақ онда БАҚ өкілдеріне теледидарға түсіру не аудиотаспаларға жазу еркіндігі қандай болатынын ішкі істер министрінің баспасөз хатшысы Бағдат Қожахметов нақты айта алмады.
«Ол жағын мен айта алмаймын. Оны соттан сұрау керек. Менің білуімше, сот ашық болады», - дейді Бағдат Қожахметов.
Армангүл Қапашева сот ашық болғанымен онда орын өте аз болғандықтан көпшілік кіре алмауы мүмкін деген пікірде:
«Ашық болады дегенмен, орын жетпейді-ау. Себебі, зал кішкентай, ал біздің өтінішімізге «ең үлкен зал осы» деп жауап берді. Сотқа қатысатындар: тек айыпталып отырғандар 21 адам, 26 жақтаушы бар, кейбіреулерінде екі жақтаушыдан бар. Жәбір көруші жақтан қаншама адам бар. Олардың бәрі қалай ана кішкентай залға сиятынын білмеймін».
Жергілікті басылымдар сотқа тартылғандар он түрлі оқиға бойынша айыпталып отырғанын жазады. Жоғарыда Армангүл атап өткендей олар: «Нұрбанктың» бұрынғы төраға орынбасары Жолдас Темірәлиев пен банктың шаруашылық меңгерушісі Айбар Хасеновты ұрлау, оларды қинау, өзгенің мүлкін тәркілеу, құжаттарды қолдан жасау сияқты боп кете береді. Тағы бір айта кетерлік жайт, КТК телеарнасының бұрынғы тележүргізушісі Анастасия Новикованың өліміне қатысты сот ісі (ресми орындар оған да Рахат Әлиевтың қатысы барлығын хабарлаған болатын) жаңа жылдан соң басқа іс бойынша қаралмақ көрінеді.