Кеше Ауғанстанда үш күндік ұлттық аза тұту басталды, сейсенбі күнгі бомба шабуылында барылығы 41 адам қаза тапса, олардың көпшілігі балалар болған еді. Ауғанстан президенті Хамид Қарзай бұл оқиға болашаққа алаңдаушылықты ұлғайтты деді. Осы жылдың барысында Талибан Ауғанстанда 130-дан астам жанкештілік шабуылдарын жүзеге асырған, бірақ талибан көтерілісшілері парламентшілер сапары кезінде жасалған бұл қастандыққа өздерінің қатысы жоқ екендігін мәлімдеуде. АҚШ пен БҰҰ бұл лаңкестікті қатты айыптады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Жерге жығып, дубинкамен сабаған"
Қаңтар құрбаны Жасұлан Анафияевты азаптап өлтірді деп айыпталған полицейлер сотталды
-
Коммунизм мұрасы
Тасаға тығылған тас мүсіндер. Қазақстандағы совет ескерткіштері
AzattyqTV