Accessibility links

Грузияда 15 күнге жалғасатын төтенше жағдай тәртібі енгізілді


Демонстранттар биліктен кетуін талап етіп жатқан президент Михаил Саакашвилидің бұл шешімі турасында сәрсенбі күні кешке қарай экономикалық даму министрі Георгий Арвеладзе хабарлады. Ресми билік тәуелсіз басылымдар мен теле, радио арналар 15 күн бойына хабар таратуын тоқтатады деп жариялады. Оның алдында төтенше жағдай Тбилисиде ғана енгізілмес бұрын Грузия астанасында демонстранттар күшпен таратылып, полиция шерушілерге қарсы көзден жас ағызатын газ бен резіңке тоқпақтар қолданды. Грузия омбудсмені, полициядан соққы жегендердің бірі Созар Субари Руставели алаңында көзбен көргендерін былай суреттеді:

- Полиция грузиндерді көшеден қуып, қонақ үйлер мен жекелеген үйлерге кіріп адамдарды сабады. Бұларды мен өз көзіммен көрдім, жұртшылық полицияны опера үйіне кіргізбей қойды. Асыра сілтеушілік пен күш қолданудың салдарынан демократиялық Грузия адам хұқтары аяққа тапталған елге айналды.

Тбилисиде ауруханаларға 500-дей адам түсті, жараланғандардың ішінде 20 полиция болған.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG