Accessibility links

Венесуэла студенттері У.Чавестің билік басында мәңгі отырғанын қаламайды


КАРАКАС: Венесуэланың астанасы - Каракас университетіндегі студенттердің шеруі кезінде кем дегенде 8 адам қаза тапты. Оларды президент Уго Чавестің іс-әрекетіне қарсы мыңдаған студенттің сәрсенбі күнгі наразылық ереуілі кезінде белгісіз қаскүнемдер атып кетті. Студенттердің толқуы У.Чавестің президент тағында мезгілсіз қалуы ниетіне қарсы көтерілді. Осы мәселе бойынша бүкілхалықтық референдум желтоқсан айында өтуге тиіс. Венесуэланың ресми билігі оппозицияны елдің шырқын бұзуға тырысып жатыр деп айыптады.
XS
SM
MD
LG