Accessibility links

Франция АҚШ-тың Ауғанстандағы соғыс қимылдарына белсенді атсалысады


ВАШИНГТОН: АҚШ пен Франция президенттері - Дж.Буш пен Н.Саркози – Иранды ядролық бағдарламасын доғаруға бірлесіп көндіретіндерін мәлімдеді. Верджинияда болып өткен екі жақты келіссөзінен кейін Дж.Буш: “Иранның ядролық қаруға қол жеткізуі қауіпті деген идеяға байланысты, ендігі жерде, осы проблеманы дипломатиялық жолмен шешу үшін біздің өзара ынтымақтасатын уақытымыз келді. Біз оны талдауға көп уақыт жұмсадық. Осы проблеманы бейбіт жолмен шешу керек деген францүұз президентіне мен рахметімді айттым”, -деп мәлімдеді. Н.Саркози АҚШ-тың терроризмге қарсы күресін толық қолдайтынын айтып, оның ішінде Францияның Ауғанстандағы соғыс операциясына белсенді атсалысатынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG