Accessibility links

Қазақстанның ҰҚК шенеуніктердің телефон әңгімелерін жариялаған баспасөз құралдарын жазаға тартады


АСТАНА: Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті жоғары лауазымды тұлғалардың телефонмен сөйлескен жеке әңгімелерінің мәтіндерін бірқатар баспасөз құралы арқылы таратқан әрекетке қарсы қылмыстық іс қозғап, тергеуге кірісті. Ол туралы бүгін Қазақстанның Бас прокуратурасы хабарлады. Прокуратураның атап көрсетуінше, конституцияның 18-інші бабына сәйкес, “әрбір азамат хат алмасуының, телефон әңгімелерінің, пошта, телеграф және т.б. байланыс түрлерінің құпиясын сақтауға құқылы”. Бақылаушылар әлгі аудио-файлдарды интернетке шығарып, мәтіндерін жариялаған президент Н.Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы Р.Әлиев деп есептейді. Жұма күні Алматыда осы Р.Әлиев пен оның сыбайластарының үстінен қозғалған қылмыстық істі қарайтын сот басталады.
XS
SM
MD
LG