Accessibility links

Пәкістан демократиясы Ауғаныстанның тұрақтылығына көмектесетін болады


Ресми Уашингтон Пәкістанда төтенше жағдай жарияланғаннан кейін президент Первез Мушарафты елдегі демократиялық процестерді қайта қолға алуға шақырды. АҚШ-тың ресми өкілінің айтуынша, оған себеп Уашингтон Пәкістанда демократияның орнауы - НАТО бастаған күштердің талибан бүлікшілерімен шайқасып жатқан Ауғаныстанда тұрақтылық орнатуға өз үлесін қосатын болады деп біледі. Бұл тақырыпта Азаттық радиосы АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Эрик Эдельманмен сұхбаттасқан еді.

АЗАТТЫҚ РАДИОСЫ: Эдельман мырза, Уашингтон Пәкістан президенті Первез Мушараф үкіметінің елде төтенше жағдай жариялағанына әрі жалпы сайлаулар өткізу жоспарын тоқтатып қойғанына наразы болып отыр. Сіз өзіңіз алғашқыда қазіргі шетелге сапарыңызда Пәкістанға баруды жоспарлаған едіңіз, бірақ ол АҚШ-тың реакциясына байланысты болмайтын болды. Уашингтон Пәкістандағы жағдайлардан не көргісі келеді?

Эрик Эдельман: Біз уақытша конситуциялық тәртіп деп аталған төтенша жағдайға үкімет ретінде, басқалар сияқты терең алаңдаушылық танытып отырмыз. Менің ойымша, Пәкістан дауыс берулердегі адамдардың дауысы негізінде, конституциялық жолмен құрылған үкіметке ауысып, сайлаулар өткізу бағытымен жүргенін жөн көреміз. Және менің пікірімше, біздің көргіміз келетін мәселе, мүмкіндігінше тезірек Пәкістан бұрынғы бағытына оралып, қаңтарда өтеді делінген сайлауларын өткізсе, президент Мушарраф өзінің әскери киімін тастап, Пәкістанды азаматтық қалыпқа қайтарып, шартты түрдегі конституциялық тәртіп жағдайы өте қысқа уақыт болатынына сендірсе. Біз шындығын айтқанда, оның сол жағдайды жарияламағанын дұрыс көреміз”.

АЗАТТЫҚ РАДИОСЫ: Уашингтон егер біз Пәкістандағы сайлауға аралассақ, оның нәтижесі терроризммен соғыстағы одақтасы болған президент Мушарраф сияқты мықты болады деп сене ме?

Эрик Эдельман: Ия, бұл әлемдегі көптеген бәсекелес мүдделердің тепе-теңдігін сақтау сияқты қиын мәселелердің бірі екені белгілі. Пәкістанда біздің көп мүддеміз бар. Бір мүддеміз, әлбетте біздің Пәкістанмен терроризммен күресте бірге жасаған тығыз жұмысымызды жалғастыру. Қарашаның 5-інде, мен Лондонда болдым, екі жақтың да британдықтар мен американдықтар ортақ мәселеге бетпе-бет келіп отыр. Онда Пәкістанның солтүстік шығыс жағы мен тайпалы аймағынан біздің отанымызға қарсы астыртын әрекеттер бар. Сондықтан да, бұл үлкен алаңдаушылық, өйткені ол жерде әл Қаида орныққан.

АЗАТТЫҚ РАДИОСЫ: Ауғаныстан мен Пәкістан шекарасында көптеген қозғалыстар бар, Талибан мен әл Қаида екі жақта да белсенді болып отырғаны мәлім. Бірақ, көбіне бұл проблеманы Ауғаныстанда күресіп жатқандықтан, ауған мәселесі ретінде қаралып келді. Таяуда Пәкістанның ішіндегі тайпалық аймақтағы шайқастарды да көрдік. Талибан, әл Қаида топтарымен соғысу аймақта үлкен проблема тудырып жібермей ме?

Эрик Эдельман: Бұл жерлерде бүлікші топтар бар екені айқын. Олар шекараның екі жағынан да, Пәкістанның ішінен де әрекет етіп жатыр. Осыған байланысты біз алаңдаушылық танытып отырмыз, біз пәкістандық әріптестерімізбен оны талқылап, біз оларға бүлікшілдерге қарсы стратегия жүргізуіне көмектесе аламыз, оған қажетті тек әскери әрекеттер ғана емес, көптеген экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайларды дамыту қажет болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG