Accessibility links

Грузияда мерзімінен бұрын президенттік сайлау өтетін болды


Кеше Грузия президенті теледидар арқылы берілген үндеуінде 5-ші қаңтарда халықтың сеніміне ие болу үшін президенттік сайлауды өткізу туралы шешім қабылдағандығын жариялады.

- Мен шешім қабылдадым және бұл менің ұсынысым, 2008 жылдың 5 қаңтарында президенттік сайлау өткізу туралы. Оны кешіктірмей өткізуіміз керек, бұл елдің жетекшісі ретінде менде барлық мәселелерге, Грузияға сырттан жасалатын қысымдарға қарсы тұратын мандат бар, - деді ол.

Бір күн бұрын Тбилисиде президенттің биліктен кетуін талап еткен демонстранттардың төрт күнге созылған наразылық акциясы күшпен басып-жаншылып, Саакашвили елде 15 күндік төтенше жағдай тәртібін енгізген болатын. АҚШ мемлекеттік департаменті Саакашвилидің мерзімінен бұрын сайлау өткізу шешімін құптап қарсы алып, төтенше жағдай тәртібін жоюға шақырды.
XS
SM
MD
LG