Accessibility links

АҚШ-тың арнайы өкілі Грузияны төтенше жағдай тәртібін алып тастауға шақырды


АҚШ-тың арнайы өкілі Грузия билігін елдегі жарияланған төтенше жағдайды тоқтатып, сөз ерекіндігіне жол ашуға шақыру үшін Тбилисиге бара жатыр. АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Мэтью Брайза бұл туралы жұма күні «Азаттықтың» Грузин қызметіне хабарлады. Грузия президенті 5-ші қаңтарда кезектен тыс президенттік сайлау өткізуге шақырған. Брайза осы жайында Саакашвилимен кездеседі, және ол президенттік сайлаулар алдында бірнеше апта бұрын төтенше жағдайлар алынуы қажет екіндігін айтады.

“Менің айтатыным, мемлекеттік хатшы Кондолиза Райстың жолдауы. Онда біз елдегі төтенше тәртіп жағдайы алынып, барлық хабар тарататын ақпарат бұлақтарын қалпына келтіруге шақырамыз. Нақты түрде, өйткені біз бұл президент Саакашвили жариялаған сайлаулар әділ және ашық өтетініне кепіл болатын қадам деп санаймыз”, - деді АҚШ мемлекетік департаменттінің өкілі Мэтью Брайза.
XS
SM
MD
LG