Accessibility links

Күрд партизандары босатқан сегіз түрік сарбазына қылмыс айыптары тағылды


Түркия әскерінің басшылығы өткен аптада күрд партизандары босатқан сегіз сарбазына қылмыс айыптарын тақты. Адвокаттың айтуына қарағанда, олар бұйрықтарды орындамай, апат жағдайының қалыптасуына себепкер болды деп айыпталды. Осы сегіз түрік сарбазы қазан айында тұтқынға түсіп, мұның салдарынан Түркия әскері мен күрд партизандарының текетіресі күшейген. Мұның салдарынан Түркия әскері күрд партизандары паналайтын Ирақ солтүстігіне жасақтарын кіргізе жаздады. Енді міне, ол сегіз сарбазды күрд партизандары босатты, алайда оларға қылмыс айыптары тағылды.
XS
SM
MD
LG