ТБИЛИСИ: Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Грузия билігінен елдегі төтенше жағдай тәртібін тоқтатуды талап етеді. Тбилисиде болған 2 күндік сапарынан кейін осы Еуропалық ұйымның арнаулы өкілі Хосеп Боррел Фонтеллес баспасөз бостандығын толық қалпына келтіріп, Грузиядағы 5-інші қаңтарға тағайындалған президент сайлауын әділ әрі ашық өткізуге қажетті барлық жағдайды жасау керектігін мәлімдеді. Грузияда оның алдында ғана болып қайтқан АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы көмекшісінің орынбасары Мэттью Брайза да дәл осындай талап қойған болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Шәкерім, тарих және Жаңаөзен. Мұхтар Мағауин мұрасына тарихшы көзқарасы