Accessibility links

ТМД-ның шығармашылық және ғылыми зиялылары Астанада бас қосты


АСТАНА: Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында ТМД мемлекеттерінің шығармашылық және ғылыми зиялыларының “Мәдениет, ғылым, білім” атты ІІ-нші Форумы басталды. Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігі таратқан баспасөз-релизге сәйкес, 2 күндік Форумның мақсаты – ТМД халықтарының мәдени, ғылым және білім беру дәстүрлеріндегі сабақтастықты, қазіргі және келешек ұрпақтардың байланысын нығайту болып табылады. ТМД мемлекеттерінің шығармашылық және ғылыми зиялыларының І-інші Форумы – 2006-ншы жылдың 14-15-інші сәуірінде Мәскеудің мемлекеттік унимверситетінің кітапханасында болып өтті.
XS
SM
MD
LG