Accessibility links

“Қазақконцерт” залында марқұм Заманбек Нұрқаділовті еске алу кеші өтеді


АЛМАТЫ: Бүгін белгілі мемлекет және қоғам қайраткері З.Нұрқаділовтың жұмбақ жағдайда қаза болғанына тура 2 жыл толды. Бүгін Алматы қаласындағы “Қазақконцерт” залында Зәкеңді еске алу кеші өтіп, марқұмның сүйікті өлеңдерін оның сүйген жары, белгілі әнші Мақпал Жүнісова орындайтын болады. З.Нұрқаділов – 2005-інші жылдың 12-нші қарашасында өз үйінде 3 мәрте атылған оқтан мерт болды. Ресми биліктің мәлімдеуінше, Заманбек өзіне-өзі 3 рет оқ атып, қаза тапты. Марқұм Заманбек президент Н.Назарбаевтың бітіспес қарсыласы болып, оны талай рет өткір сынап, әшкереледі. Осы мақсатта аты-шулы “Қазақгейт” жанжалын тергеуге атсалысу үшін шетелде Зәкең құрған “Нұрқаділовтің комиссиясы” осы күнге дейін жұмыс істеп келеді.
XS
SM
MD
LG