АСТАНА: Бүгін Қазақстан парламентіндегі “үкімет сағатында” қаржы министрі Н.Коржова мемлекет меншігіне жататын акциялардың 90 бумасы мен мемлекеттің үлестері қор биржасы арқылы сатылатынын мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, монополизмге қарсы күресу мақсатында 100 кәсіпорын мен 1 мыңдай нысанды және мемлекет меншігіне жататын акциялардың 90 бумасы мен үлестерін қор биржасы арқылы бәсекелестік ортаға сату туралы нұсқау берілді. Акциялар бумасы мемлекеттің меншігіне жататын және қор биржасы арқылы сатылуға тиіс акционерлік қоғамдардың тізімі үкіметтің арнайы қаулысымен бекітіледі.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Өлексесі табылған малға ғана өтемақы төлейміз"
Су тасқынының шығыны қалай есептеліп жатыр?
-
Өскемен мен Семей
Халық жылдар бойы несие төлеп келе жатса да, көше неге тас қараңғы?