Accessibility links

Сейсенбі күні Пәкістанда автокөліктерге отырған наразылық шеруі өтеді


ИСЛАМАБАД: Пәкістан оппозициясының лидері Б.Бхутто ханым бүкіл халықты президент П.Мушарраф орнатқан төтенше жағдай тәртібіне қарсы наразылық шеруіне қосылуға шақырды. Пәкістанның экс-премьер-министрі Б.Бхутто автокөліктерге отырған наразылық шеруін сейсенбі күні Лахор қаласынан ел астанасы – Исламабадқа дейін ұйымдастырып өткізбекші. Бұл шерудің мақсаты - президент П.Мушаррафты армия басшылығынан бас тартуға, төтенше жағдайды тоқтатуға және мыңдаған адвокат пен саяси тұтқынды түрмеден босатуға мәжбүр ету. Кеше П.Мушарраф сайлауды 9-ыншы қаңтарда өткізуге уәде берсе де, осыдан 1 апта бұрын орнатқан төтенше жағдай тәртібін тоқтатудан бас тартқан болатын.
XS
SM
MD
LG