Accessibility links

Ресей әскерінің екі офицері қатардағы сарбазды өлтіріп қойғандары үшін түрмеге кесілді


Капитан Виктор Баль 11 жылға сотталды, прапорщик Владимир Калинин 14 жылға кесілді. Олар қатардағы жауынгер Сергей Синконенді соққыға жықты, өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп табылды. Қатты жарақат алған сарбаз тамыз айында қайтыс болған. Оқиға континентаралық баллистикалық зымырандар орналасқан бөлімшеде орын алған.
XS
SM
MD
LG