Accessibility links

Түркіменстан астанасында 2 күндік мұнай конференциясы өтеді


АШХАБАД: Бүгін Түркіменстан астанасында энергетика проблемасына арналған халықаралық мұнай конференциясы ашылады. Ашхабадта өтетін 2 күндік конференцияға АҚШ-тың энергетика министрі Сэм Бодмэн, Еуропа Одағының энергетика бойынша арнаулы өкілі Андрис Пиебалгс, “Бритиш петролеум” (BP) және “Шеврон” мұнай компанияларының өкілдері қатысады. Түркіменстан қазір жыл сайын өндіретін 80 млрд. т.м. газын 2030-ыншы жылға қарай 3 есеге ұлғайтуды жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG