Accessibility links

Иранның реформашыл президентінің тұсындағы ресми өкілге айып тағылды


ТЕҺРАН: Иранның қауіпсіздік министрі елдің ядролық бағдарламасы бойынша келіссөзге қатысқан бұрынғы ресми өкілі Хоссеин Мусавианға шет елдерге, оның ішінде ағылшын елшілігіне құпия мәліметтерді берді деген айып тағылды деп мәлімдеді. Мусавианға ондай айыптың ресми түрде тағылғаны белгісіз. Иранның Германиядағы елшісі болған Мусавиан осы жылдың басында тұтқындалып, көп ұзамай кепілдік төлеп бостандыққа шыққан болатын. Ол реформашыл президент Мохаммад Хатамидің тұсында келіссөз жүргізген ресми делегацияның мүшесі болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG