АСТАНА: Қазақстан үкіметі мен босқындардың істері бойынша БҰҰ-ның Жоғарғы комиссары басқармасы өзара ынтымақтастық құру туралы келісімге қол қойды. Қазақстанның сыртқы істер министрі М.Тәжінмен келіссөзінен кейін өткізген баспасөз-маслихатында босқындардың істері бойынша Ұлттар Ұйымының Жоғарғы комиссары А.Гутеррес: “Біздің Қазақстанмен арадағы ынтымақтастығымыздың негізінде ғана емес, сондай-ақ бүкіл Орта Азиямен арадағы бірлескен іс-қиымылымыз үшін бұл келісімнің маңызы өте зор. Босқындардың мәртебесі туралы Конвенцияға қол қойған ел үшін мұндай құжат шешуші құрал болады”, - деп мәлімдеді.