Accessibility links

Грузия Абхазияға қатысты қатаң мәлімдеме жасады


Грузия мен Ресей арасындағы кернеулі мәселе өткен аптада Тбилиси оппозициялық көтерілісшілерді күшпен басып, Мәскеудің қолдауындағы төңкерістің алдын-алу үшін күш қолдану қажет болды деген соң одан әрі қиындай түсті. Енді күрделі мәселеге Грузияның бөлініп қалған ресейшіл аймағы Абхазия араласып отыр. Бұл тұрғыда Грузияның ықпалды депутаты «Азаттықтың» Грузин қызметіне айтқанында, Мәскеу жікшіл аймақтың тәуелсіздігін мойындауға дайындалып жатыр, мұндай қадам соғыс бастау әрекеті сияқты танылып отыр деген.

Осы аптаның басында Грузия президенті Михайл Саакашвили өз ұлтына “қауіп-қатер есік алдында, тіпті бір аяғымен біздің үйімізге кіріп отыр” деп ескертті. Бейсенбі күні Грузия парламентінің қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі комитет төрағасы Гиви Таргамадзе бөлініп тұрған аймаққа сырттан қолдаулар жасалып, ол жағдайларды Тбилиси тек “соғыс әрекеті” деп түсініп отыр деді. «Азаттықтың» Грузин қызметіне берген сұхбатында, Грузия парламентінің депутаты Таргамадзе, Ресей өз өзін тәуелсіз деп жариялаған, бірақ халықаралық тұрғыда мойындалмаған Абхазия тәуелсіздігін мойындамақшы деп мәлімдеді.

“Егер Абхазия мойындалса, сосын Грузияның іс жүзінде еш таңдауы болмай қалады. Бұл мойындау мәселесі қарулы қақтығысқа әкеледі деп тіпті тым әсіре айтылса да, Ресейдің Абхазия тәуелсіздігін мойындауы бірден Грузияға соғыс жариялау дегенді білдіреді”.

Осыған дейін де Тбилиси таяу күндері Ресейдің жүздеген жасағы мен жабдықтары Абхазияға кіргізілді деп мәлімдеп, оны Ресей мен Абхазия билігі жоққа шығарды.

Мәскеу болса, бұл әскери құрылым туралы мәлімдемені арандатушылық деп сипаттады. Абхазияның қорғаныс министрінің орынбасары болып отырған Гарри Купалба, осы аймақтың президенттік веб-парақшасында жарияланған мәлімдемеде Абхазия жерінде ТМД-ның бейбіт жасақтарынан басқа шетелдік күштер жоқ деп жазылған дейді. Бәлкім, Грузия билігі жағдайды ушықтырғысы келіп отырған болар, сөйтіп олар өздерінің ішкі саяси мәселесін шешкісі келіп отыр деген Купалба.

Алайда, ресми Тбилиси бұл мәселе халықаралық қауымдастықтың Абхазиядағы жағдайды есепке алу керектігін көрсетеді деген.

Және де депутат Гиви Таргамадзе әлем жетекшілерінің Мәскеудің Абхазия мемлекеттілігін қолдауына айтарлықтай кедергі болатындай шұғыл реакциясы болмай қалады деп алаңдап отыр.

“Егер халықаралық қауымдастық Абхазияның мойындалуына әкелетін бұл процесті тоқтата алмаса, мен айтып отырғандай бұл үдеріс бүгінде басталып кетті. Егер халықаралық қауымдастық Ресей күштерінің Абхазияда орналасуын тоқтатпаса, одан кейін ол Абхазияның тәуелсіздігін теріске шығару тіпті қиын болады. Және Грузия бәлкім Ресейдің Абхазияны мойындағанын жоққа шығара алмайды. Ол нақты бұл аймаққа ғана емес, күллі Грузия мемлекеттігіне қауіп төндіреді”.

Сол сияқты Ресейдің қарсы болып, Құрама Штаттардың қолдауындағы Сербияның бөлініп тұрған аймағы Косовоның келешек мәртебесі туралы мәселе де Таргамадзенің айтуынша, негізгі маңызды мәселе болып отыр.

“Бір жағынан алғанда, Ресей Абхазиядағы жағдайға дайындығын бастап кетті. Мүмкін, Косово мойындалған соң, олар Абхазияны мойындайды. Басқаша айтқанда, менің пікірімше, Ресей осы мақсатта алға жылжып, Абхазия аймағын қарулы күштер мен қару-жараққа толтырады. Ол ақпан айына дейін, Косово мәселесі шешілгенше, Ресей Абхазияның мойындай алғанша жалғасады”.
XS
SM
MD
LG