Европдағы ең басты бақылаушы ұйым мұндай шешім себебін Ресей билігінің бақылаушы санын қысқартуымен және тіркелу мәселесінің кешеуілдетілуімен түсіндірген. ОБСЕ-нің Демократиялық институттар мен адам хұқтары кеңсесі таратқан мәлімдемеде 2 желтоқсанда өтетін сайлауға сарапшылар мен бақылаушылардың уақытылы баруын Ресей онша қаламай отыр деп атап көрсетілген. Сондай-ақ европалық бақылаушыларға Ресей Федерациясына кіру визасын беру де кешіктірілген. Ресей Мемлекеттік дума сайлауын бақылауға 70-тей ғана халықаралық бақылаушы шақырған болатын, ал 2003 жылғы сайлауда олардың саны 400 болған еді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Назарбаев сенбеген тұңғыш Конституция жобасының дауы