Accessibility links

Еуропалық сайлау бақылаушылар Ресей сайлауына бақылау жүргізбейді


ЕҚЫҰ-ның адам құқықтары мен демократиялық құрылымдар кеңсесі Мәскеумен жеткілікті ынтымақтастық болмағандықтан, Ресейдегі парламенттік сайлауларды бақылау жоспары жүзеге асырылмайды деп отыр. Еуропаның адам құқықтары мен демократиялық құрылымдар кеңсесі Ресей өздеріне шақырту жіберіп, виза бермегендіктен өз сайлау бақылаушыларын Мәскеуге жолдай алмайтындықтарын айтуда. Ресей желтоқсанның 2-де өтетін парламенттік сайлауларына ЕҚЫҰ-ның тек 70 бақылаушысын шақырған. 2003 жылғы сайлауларға 400 бақылаушы келген еді.
XS
SM
MD
LG