Accessibility links

Арменияда мыңдаған адам президенттіктен үміткерді қолдап шеруге шықты


Ереванда мыңдаған армениялық президенттіктен үміткер Левон Тер-Петросянды қолдап шеру өткізді. 1998 жылы ел президенті болған Левон Тер-Петросян көрші Әзірбайжанмен Таулы- Қарабах даулы аймақты шешем деп қоғамдық наразылыққа тап болып, орнынан кеткен. Қазір ол президент Роберт Кочарянның алдағы ақпан айында болатын президенттік сайлауға таңдаған мұрагері ел премьер министрі Серж Саркисянның үлкен қарсыласы болып отыр.
XS
SM
MD
LG