Бүгін Құрама Штаттар өкілі Джон Негропонте Исламабадта Пәкістан президенті Первез Мушаррафпен кездесуде. АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Неграпонте президент Мушаррафты елдегі екі апта бұрын енгізілген төтенше жағдай тәртібін алып тастауға, саяси тұтқындарды босатып, елде әділ де ашық сайлаулар өткізуге шақырады деп күтілген. Жұма күні АҚШ дипломаты Негропонте телефон арқылы Пәкістанның бұрынғы премьер министрі Беназир Бхуттомен сөйлесіп, күштерді біріктіру әрекеттері елді демократиялық жолға қайта әкелу үшін жұмыс істеуі тиіс деген.