Мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамбет Ертісбаев жергілікті басылымдарға берген сұхбатында: «Қазақстанның интернет кеңістігі бақылауды керек етеді. Сөзді тура және жанама мағынасында да қару ретінде пайдалануға болады. Бұл жерде қоғамның, мемлекеттің мүддесін естен шығармауымыз керек. Сондықтан қазақстандық интернет кеңістікті дамытудың және оны бақылаудың ыңғайлы моделін жасауымыз керек», дейді. Оның айтуынша, бұл әлемдік кибертерроризмнің, балалар порнографиясы жалпы мораль мен этика саласындағы заңбұзушылықтардың алдын алуда аса қажет. Алайда министр жалпы интернет кеңістікті уыста ұстап отыру мүмкін еместігін білсе де өздеріңнің мақсаты – интернет кеңістікте қоғам мен жеке тұлғаның мүддесі мен құқығын қорғаудың өркениетті үлгісін енгізу екендігін айтады.
Бұл мәселеге орай «Азаттық» радиосына пікірін білдірген қазақстандық тәуелсіз журналист Сергей Дуванов: «Ермұхамбет Қабиденұлы білімді адам. Ол интернетті бақылаймыз деп айтудың өзі ұят, заманға лайықсыз екендігін жақсы біледі Сондықтан бұл жерде ол қоғам мен жеке тұлғаның мүддесіне нұқсан келіп, құқығы бұзылмасын деп бақылаудың өркениетті үлгісін айтқан болады. Шындығына келгенде мен мұны Интернет-демогогия дер едім. Ертісбаев бақылау жайлы айтқанда оны тек бақылау күшейеді деп түсінген жөн. Себебі, соңғы уақыттағы Қазақстандағы саяси оқиғалар, Австриядағы бұрынғы елші Рахат Әлиев пен президент Нұрсұлтан Назарбаевтың арасындағы ақпараттық соғыс қазақстандық интернет басылымдарды жауып оларға бақылауды күшейтуге мәжбүр етті», дейді.
Оның айтуынша, билік мұның біріншісін, яғни биліктегілердің лас әрекеттерін әшкерелейтін материалдарды жариялаған сайттарды жауып тастады. Ал екіншісін, министр мырза өз аузымен жергілікті басылымдарға берген сұхбатында айтып отыр.
«Құқықтық нормалар арқылы билікке интернетті бақылауға мүмкіндік беру. Оның жобасын дайындау бүгінгі күні министрлікке берілген тапсырма болуы мүмкін. Онымен Ертісбаев мырза шындап айналысып жатқанға ұқсайды», дейді Сергей Дуванов.
«Ақпарат министрі президенттің, билік тапсырмасын орындап жүрген функционер. Интернет басылымдарды ауыздықтау мәселесі - бұл күтілген оқиға. Себебі, Қазақстанда тәуелсіз, баламалы ой айтатын теледидар-радио деген атымен жоқ. Ал басылымдарды бірін сотқа тартты, бірін сатып алды олардың да жайы белгілі болып қалды. Енді интернетке ауыз салып отыр. Бұл жерде билік өзінің жүргізіп отырған саясатының қате тұстары туралы айтқызбауды ғана қарастырып отыр. Заң жобасын жасап жатыр десе қазіргі парламенттің, мәжілістің жағдайы белгілі ғой. Қандай заң болса да қабылдайды. Бірақ ғаламдану мен техникаға бәрібір биліктің шамасы жетпейді. Интернет арқылы ақпараттың таралатыны сөзсіз. Бәрібір халық оқиды. Ақпаратпен күресу деген - ол енді түс көрме деген сөз сияқты. Оданша билік Рахаттың өсек-аяңынан биік тұратын бір мәселелер ұсынбай ма?», дейді тәуелсіз журналист Шәріп Құрақбаев.
Осыдан бір ай бұрын көпшілікке белгісіз «Тәуелсіз зерттеулер агенттігі» деген агенттік интернетте Қазақстанның жоғары билігінде отырған адамдардың телефон әңгімесі деп аудио жазбалар мен олардың мәтіндерін жарияланған еді. Содан бері қазақстандық интернет басылымдарға қысым күйшейіп, олардың кейбірі елде ашылмай қалған болатын. Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы телефон әңгімелердің жариялануына орай қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатқандығын ресми хабарлап Аталған ақпаратты тарату іс-әрекеті Қазақстан заңдарына қайшы екендігін айтқан еді. Алайда соған қарамастан мұндай телефон әңгімелердің интернетте жариялануы жалғасып жатыр.