Украина премьер-министрінің орынбасары Андрий Клиюевтің мәлімдеуінше, Засядко шахтасындағы апаттан 80 адам қаза тапқан, 20 кенші әлі табылмай жатыр. Жексенбі күні орын алған жарылыстан кейін Донецк аймағында аза тұту күндері жарияланды. Апат болған жерге барған президент Виктор Ющенко бұл трагедия Украинаның көмір өндірісіне ғана емес барлық саяси партияларға күрделі мәселе болып табылады деп мәлімдеді.