Accessibility links

Пәкістанда 8-қаңтар күні сайлау өтетіндігін Орталық сайлау комиссиясы растады


Пәкістан Орталық сайлау комиссиясының басшысы Қази Мұхаммад Фаруқ бұл жөнінде мемлекеттік теледидардан хабарлаған. Дүйсенбі күні президент Первез Мүшарраф сайлау өткізетін күн деп қаңтардың 8-ін таңдағандығын айтқан болатын. Өткен демалыс күндері АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Джон Негропонте Мүшаррафты екі апта бұрын енгізілген төтенше жағдай тәртібін алып тастауға, қалыпты саяси күштермен келіссөздер жүргізуге, сондай-ақ Армия қолбасшылығынан мүмкіндігінше тез арада бас тартуға шақырған болатын.
XS
SM
MD
LG