ИСЛАМАБАД: Пәкістандағы төтенше жағдай тәртібінің тоқтатылып, жалпыұлттық сайлаудың демократияға сай өтетініне АҚШ президенті Дж.Буш сенеді. Пәкістандағы сайлау 8-інші қаңтарға белгіленді, бірақ президент П.Мушаррафтың 3-інші қараша күні енгізген төтенше жағдай тәртібін қашан жоятыны беймәлім. Пәкістан үкіметі оппозицияның өкілдерін абақтылардан босата бастады. Сейсенбі күні 3.5 мыңдай адам босатылды. Франс-пресс агенттігі өзінің уәдесіне сәйкес П.Мушарраф осы аптаның соңына қарай қарулы күштердің басшылығынан кетуге тиіс деген Бас прокурордың сөзін келтірді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Сатира қылмыс емес"
Қамауға алынған танымал паблик авторын қолдағандарды қудалау жалғасып жатыр