ДОНЕЦК: Донецкінің “Засядько” атындағы шахтада 18-інші қарашадағы апаттан бері жер астында қалған 11 кеншіні іздестіру жұмыстары тоқтатылды. Украианың вице-премьері Андрей Клюев хабарлағандай, жер астындағы өрттің салдарынан құтқарушылар кеншілер қалды-ау деген жерге жете алмай жүр. Соңғы мәлімет бойынша, шахтадағы метан газының жарылысынан 89 кенші қаза болып, 34-і ауруханаға түсті. Сейсенбі күні Донецкіде қаза болғандарды аза тұтты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
СПИД-пен күрес күні
"ВИЧ адамның мінез-құлқын сипаттамайды". Ауру – үкім емес