ВАШИНГТОН: АҚШ президент Дж.Буш 27-нші қараша күні Таяу Шығыстағы бейбіт келісімге арналған халықаралық конференцияның қонақтарын қабылдайды. Оны Ақ үй ресми түрде растады. Конференция Мэриленд штатының Аннаполисінде өтеді. Оның барысында 7 жылдық үзілістен кейін Израиль мен Палестина арасындағы бейбіт келіссөз жалғасуға тиіс. Мемлекеттік департаменттің өкілі Ш.МакКормак: “Бұл конференция Израиль премьері Э.Ольмерт пен автономия төрағасы М.Аббастың батыл іс-қимылын халықаралық қоғамның қолдайтынын білдіреді және тәуелсіз Палестина мемлекетін құру жолындағы бетпе-бет келіссөздің орны болады”, -деп мәлімдеді.