Accessibility links

Иран өзіне қарсы жаза қолдануға Ресей мен Қытай жол бермейді деп сенеді


НЬЮ-ЙОРК: Ресми Теһран БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі Иранның ядролық бағдарламасына байланысты оған үшінші жазаны қолдану туралы Қарар қабылдайды деп күтпейді. Иранның БҰҰ-ындағы елшісі Мохаммад Хазаи Нью-Йоркте журналистерге осылай деп мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, өзінің ядролық бағдарламасы мәселесін шешу үшін Иран атом қуаты бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігімен ынтымақтасты және Теһранның мұндай қадамын Ресей мен Қытай қоштап отыр. Қауіпсіздік Кеңесінің Қарар қабылдауына Мәскеу мен Бежиннің вето, яғни бөгет қоятын құқы бар.
XS
SM
MD
LG