Пәкістан билігі оппозициялық саясаткер Имран Ханды түрмеден босатты. Өткен аптада Лахорда Имран Хан елде енгізілген төтенше жағдай тәртібіне байланысты студенттердің наразылық шарасына жетекшілік етпекші болған еді, бірақ оны билік орындары қамауға алған тұғын. Пәкістанның әділет министрлігінің хабарлауынша, Первез Мушарраф енгізген төтенше жағдай бойынша тұтқындалған 5600-ден аса заңгерлер мен саяси белсенділер азат етілген, қалған 600 белсенді де босатылатын болады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?