Accessibility links

Ресейде парламент сайлауына түспекші болған үміткерді бір қарулы адам атып кетті


Ресей ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Ресейдің либералды “Яблоко” партиясынан парламент сайлауына үміткер ретінде түспекші болған Фарид Бабаев Дағыстанда қатты жарақат алған. Махачкаладағы өз үйінің кіре берісінде оны белгісіз бір қарулы адам атып кетті деп хабарланып отыр. Ресейдегі парламенттік сайлаулар 2-ші желтоқсанда өтеді.
XS
SM
MD
LG