Accessibility links

Нұрсұлтан Назарбаев Румыния президенті Траян Баческумен кездесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Бухарест қаласында Румыния президенті Траян Баческумен кездесті. Негізінен мұнай саласындағы әріптестік сөйлесілді. Қазақстан мемлекеттік "Қазмұнайгаз" компаниясы осы жазда Румынияның екінші ірі мұнай компаниясы "Ромпетролдың" 75 пайыз акциясын сатып алған болатын. Румыния ресми өкілдері "Ромпетрол" компаниясын Қазақстанға сатып, Ресей газына тәуелдігімізді қысқартпақпыз дейді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG