Accessibility links

Леонардо да Винчи кодексі бар ма?


Леонардо да Винчидің қаламынан туған "Соңғы кешкілік ас" деп аталатын сурет - өнер иелерін әлі де таңдандырып келеді. Төрт жыл бұрын "Да Винчи кодексі" деп аталған роман бестселлерге айналған болатын. Ал италиялық музыкант осы айда жарық көрген кітабында бұл суретте шын мәнінде қасиетті гимн кодексі жинақталған деп мәлімдейді.

Джовани Мариа Пала «Жасырын музыка» деп аталатын шығарманың авторы. Пала Леонардо да Винчидің христиан теологиясының белгілері бар шығармасын зерттей келе, оны музыкалық кілт ретінде сипаттайды. Сурет бетінде бес музыкалық жолақ сыза отырып, ол стол үстіндегі нан үзімдерін және басқа да тағамдарды нота түрінде белгілейді.

Паланың айтуынша, ноталарды алғашқыда еш сезінбейсіз. Сосын ол мұның бәрін оңнан солға қарай оқыған, бұл жол әдетте Леонардо да Винчидің жазу дәстүрі. Леонардо да Винчиге арналған мұражай директоры Алессандро Веззоси Ассошайтед пресс агенттігіне берген сұхбатында Паланың зерттеулері шындыққа жанасады деп айтқан.

Неліктен Леонардо да Винчи картина салғанда оған жасырын музыкалық элементтер енгізген? Суретші да Винчи лирада ойнаған музыкант та болған. Бірақ Паланың айтуына қарағанда, басты себеп Леонардо кейбіреулер ойлағандай сектант болмаған. Ол нағыз Құдайға сенген адам болған екен.

Паланың кітабын шығарушылардың өзіндік материалдық мүддесі болуы мүмкін. Өйткені "Леонардо да Винчи кодексі" романының авторы 287 миллион қаржы тапқан болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG