Бүгін Халықаралық Атом энергиясы жөніндегі агенттік басшыларының Иранның ядролық бағдарламасы туралы талқылаулары аяқталады. МАГАТЭ басшысы Мохаммед ел Барадейдің айтуынша, Иран өзінің бұрынғы ядролық жұмыстары туралы сауалдарға жауап берді, бірақ БҰҰ-ның тоқтатуға шақырғанына қарамастан, уран байытуды жалғастырып отыр. Кеше Еуропалық үш ел Британия, Франция және Германия Құрама Штаттарға қосылып, БҰҰ-ын Иранға қатаң санкциялар енгізуге шақырған.