Accessibility links

Грузия президенті дауыс берушілерден өзін билікте қалдыруға үндеді


Бүгін Грузия президенті Михайл Саакашвили елдегі дауыс берушілерді 5-ші қаңтардағы президенттік сайлаудан кейін өзін билікте қалдыруға шақырды. Бұл туралы Саакашвили Тбилисиде өзі басшылық ететін Біріккен Ұлттық қозғалысының жиынында айтты. Партия жетекшілері осының алдында Саакашвилиді екінші мерзімге президенттіктен үміткер ретінде ұсынатындықтарын айтқан. Бірақ, президенттікке ресми ұсыну қазіргі президент Саакашвили қарашаның 26-на дейін қызметінен кеткен соң болуы керек. Грузия президенті Саакашвили Тбилисиде көтерлісшілер мен полиция арасында қақтығыс болған соң, кезектен тыс президенттік сайлаулар өткізуге шақырған. Ол елдегі қақтығыстардан кейін қоғамдық шерулер мен тәуелсіз ақпарат таратуға тыйым салатын төтенше жағдай тәртібін енгізген. Төтенше жағдай тәртібі бір аптадан кейін алынды.
XS
SM
MD
LG