Accessibility links

Ауғаныстанда жанкештілік шабуылдан алты тұрғын қаза болды


Бүгін Ауғаныстан астанасы Қабул қаласына жақын жерде бір жанештінің бомба жарылысынан алты бейбіт тұрғын құрбан болды. Ішкі істер министрлігінің өкілінің хабарлауынша, шабуыл Қабул қаласынан он шақырымдай жерде орын алды.

"Бұл шабуылдан тоғыз адам жарақат алды, алтауы қаза болды. Жараланғандар арасында бір шетелдік әскер бар”, - деді ол.

Қаза тапқандардың ішінде балалар да бар. Бұл жарылыстан ішінде италяндық әскер бар тоғыз адам жарақат алды. Бір әскер ауруханаға апара жатқанда өліп кеткен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG