Accessibility links

Пәкістанның бұрынғы үкімет басшысы Наваз Шариф еліне қайта оралды


Қуғыннан оралған оны саяси жақтастары құшақ жая қарсы алысты. Сауд Арабиясынан Лахорға Шарифтің келуі қарсаңында Пәкістан полициясы оның бірнеше жүздеген жақтастарын қамауға алды. Алдағы жалпы сайлауларда Шариф мырза әскери президент Первез Мушарафпен жарысқа түспекші. Шарифты 1999-шы жылы Мушараф биліктен қуған болатын. Қысқа мәлімдемесінде Шариф мырза елдегі диктатуралық билікті тоқтатып, демократияны қайта қалпына келтіруге уәде берді. Бұрынғы үкімет басшысының бірі Беназир Бхутто да үміткер ретінде ол сайлауларға қатыспақшы.
XS
SM
MD
LG