Accessibility links

Евродақ ресмилері Набукко газ құбырына көп үміт артады


Түркиядан Австрияға тартылады деп жоспарланған Набукко газ құбырының қорытынды кезеңі 2008 жылдың қаңтар айында бастау алады дейді Евродақ тағайындаған үйлестіруші Иозиас Ван Аарстен. Оның айтуынша, Евродаққа мүше елдер жобаға қатысуға толықтай тартылған, ал соңғы кездері Ресейдің аталған мұнай құбыры жобасына қарсылығы азайған тәрізді.

Евродақ Каспий аймағының газ қорына Ресейді айналып өте отырып, тәуелсіз түрде қол жеткізгісі келетіндігін тағы қайталап отыр. Евродақтың энергия комиссары Андрис Пибалгс газ тасымалын үлгілендіру жолы Европа тұтынушылары үшін көгілдір отын бағасын арзандатып, энергия қауіпсіздігін күшейте түседі деп атап көрсетті.

Пибалгспен кездесуден кейін Набукко жобасының үйлестірушісі Ван Аарстен бұл жобаның жүзеге асырылу мүмкіндігі жоғары деп атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, газ құбыры өз территориясынан өтетін Евродақтың барлық елдері жобаға қосылатын болып шешкен.

- Соңғы екі аптада менің қол жеткізгенім: бұл тараптағы елдердің төртеуі де, демек Австрия, Венгрия, Болгария және Румыния бұл жобаға қайта араласып, жобаның өз елдері үшін басты бағыт екендігін білді, - дейді Ван Аарстен.

Тиісінше Европа комиссиясы Набукко консорциумын Евродақтың кейбір басқару заңдарынан босатып, оның ішкі құрылымында барлық компаниялар активтері үшін еркін жағдай жасау мүмкіндігін қарастыруы керек. Набуккоға қатысатын инвестролар жобаны инвесторлар қызығатындай етіп жасау қажет дейді. Бұлайша басқару 2008 жылдың қаңтарынан басталуы керек.

Бұл жобаға қатыстырылатын компаниялар оған қажетті қаржыландыруды да қолға аламыз деп отыр. Аарстен Австрияның алып энергия компаниясы ОМВ-ның жобаны қаржыландыруға қатысатын ойы бар дей келе, қаржыландыру сондай-ақ басқа да оңтүстік дәліз жобалары үшін де мүмкін болады деп атап көрсетеді. Бұнда Каспий теңізі арқылы Набукко жобасын қамтамасыз етушілер тізімін әрі қарай кеңейтіп, Түркменстан, Қазақстанға жеткізу турасындағы Евродақ қолдайтын бағытқа қатысты айтылып отырса керек.

Бірақ бастапқыда Набукко инвесторлары өз есептерін Әзірбайжан газына жасаған болатын. Келіссөздер барланған газ қоры жағынан ең үлкен делінетін Иранмен жүргізіліп жатыр, Египет те бұған қатыса алады. Егер Набукко Орталық Азияның газ қорларына жетсе, ол алда Евродақтың барлық тұтынатын газының 10-15 процентін жабады деген сөз. Газ құбырының алғашқы кезектегі өткізу қабілеті 30 миллиард текше метр болады. Бұл ретте Түркия басты транзиттік орталыққа айналады.

Аарстен сәл ертерек Набуккоға әріптес елдер Мәскеудің бұл жобаның жүзеге асырылуына қарсы болуына қатысты жаңа шешімдер тапқаны жөнінде айтқан еді. Мәскеу Набукко жобасына енген елдердің бәрімен де газ тасымалы тұрғысындағы екіжақты қатынастарды тоқтатпақшы болған.

Дегенмен де Аарстеннің айтқанындай, осы жаздан Набукко жобасы Ресейге қарсы жоба емес деп тағы да түсіндірілгеннен бері Мәскеудің ол жобаға қарсылығы бәсеңдей түскен.

- Мен түсіндіруімде Набукко жобасы мынаған қарсы, ананы жақтайтындай жоба емес, ол Евродақтың оңтүстік дәліздік маңызды жобаларының бірі. Ол Ресейге қарсы бағытталмаған, ол Евродақтың газ тасымалын ұзақ мерзімдік үлгілендіруге арналған, - дейді.

Аарстен Ресей мұны түсінеді деп үміттенемін дейді. Десек те оның бұл үміттенуі асыра айтушылық болуы да мүмкін, өйткені Орталық Азиядан Европаға жеткізілетін газ тасымалы Мәскеудің негізгі табыс көзі болып табылады. Евродақтың барлық тұтынысының төрттен біріндей болатын Ресей газ тасымалына тәуелділігін Мәскеу әрдайым да блоктың сыртқы саясат жағдайына пайдаланып қалуға тырысады.
XS
SM
MD
LG