Қазақстан қаржы министрлігі Каспий теңізінде мұнай бизнесімен айналысатын "Аджип Кей-си-оу" компаниясының салық төлеуін тексеру аяқталып қалды деп жариялады. Қаржы министрінің орынбасары Дәулет Ерғожин қорытынды жақын күндері шығады, дегенмен, салық заңын бұзу жағдайы бар деп сипаттады бүгін. Дәулет Ерғожин тексеру бір аптада аяқталады деді. Қазақстан үкіметі Италияның "Аджип" компаниясы басқаратын "Аджип Кей-си-оу" халықаралық консорциумы Каспий теңізінде мұнай өндіруді жөнсіз кешіктірді, сол үшін 10 миллиард доллар өтемақы төлесін деп талап қылады. Бұл жайындағы келіссөздерге Италияның жоғары ресми өкілдері қатысуда.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
СПИД-пен күрес күні
"ВИЧ адамның мінез-құлқын сипаттамайды". Ауру – үкім емес