КАБУЛ: Ауғанстандағы Нұристан облысының әкімінің Франс-пресс агенттігіне мәлімдегеніндей, сейсенбі күні АҚШ-тың әуе соққысынан жол салып жатқан 12 жұмысшы құрбан болды. Облыстың әкімі Тамими Нұристанидің мәлімдеуінше, АҚШ бастаған коалицияның соғыс ұшағы жұмысылар тұрып жатқан шатыр үйге бомба тастады. Коалициялық күштердің басшылығы ондай оқиғадан бейхабармыз деп мәлімдеді. Нұристан – Ауғанстанның Пәкістан шекарасына жақын орналасқан таулы облысы.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Билік пен халық
"Жалпыұлттық диалог" па, "автократтың сценариі" ме?
-
Азаттық толқынында
Баспанасыздарға байқалмаған "Тұрғын үй – 91"