Accessibility links

П.Мушарраф – Пәкістанның азаматтық президенті болады


РАВАЛПИНДИ: Бүгін Пәкістан армиясының Бас штабы орналасқан Равалпинди қаласында президент П.Мушарраф қарулы күштердің бас қолбасшысы құзырынан бас тартып, оны барлау қызметінің бұрынғы басшысы А.Кияниге жүктеді. Нәтижесінде Пәкістанды 8 жыл басқарған әскери билік жойылды. Бейсенбі күні П.Мушарраф Пәкістанның азаматтық президенті ретінде ант беруге тиіс. Пәкістанның саяси оппозициясы мен халықаралық қауымдастық П.Мушаррафты армия басшылығына бас тартып, қараша айының басында орнатқан төтенше жағдай тәртібін тоқтатуға шақырған болатын. Қаңтар айының басында Пәкістанда парламент сайлауы өтеді.
XS
SM
MD
LG