Accessibility links

3 көрші ел Балқаш пен Алакөлдің суын тиімді пайдалану туралы келісімге келуі мүмкін


АСТАНА: Қазақстан, Қытай және Қырғызстан Балхаш-Алакөл бассейнінің суын тиімді пайдалану туралы келісімді әзірлеп қойды. Республика халқын сапалы ас сумен қамтамасыз ету проблемасы бойынша бүгін Астанада болып өткен “дөңгелек стөлде” Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрі Н.Ысқақов осылай деп хабарлады. Оның айтуынша, осы келісімнің жобасы қазір мемлекеттік мекемелердің мақұлдауынан өтіп жатыр. “ХХІ-інші ғасырда, деп мәлімдеді қоршаған ортаны қорғау министрі Н.Ысқақов, - Орта Азияның кең аумағындағы экологияның ахуалы – Қытай, Қырғызстан және Қазақстан жерін басып өтетін Балхаш-Алакөл бассейнімен тығыз байланысты болады”.
XS
SM
MD
LG