Accessibility links

Ресейде ресми түрде кезекті президент сайлауының науқаны басталды


МӘСКЕУ: Ресейдегі кезекті президент сайлауын 2-нші наурызда өткізу туралы парламенттің шешімі үкіметтің ресми “Российская газета” басылымында жариялануымен бүгін заңды күшіне енді. Ресей парламентінің жоғарғы палатасы болып табылатын Федерация Кеңесі ондай шешімді өткен дүйсенбі күні мақұлдаған болатын және ол ресми түрде президент сайлауы науқанының басталғанын білдіреді. Федерация Кеңесінің спикері С.Мироновтың бүгін “Азаттыққа” хабарлағанындай, ол президент В.Путин өзінің ең басты мәлімдемесін бүгін С.Петерборда жасайды деп күтеді.
XS
SM
MD
LG