БАДЕН: Косово өлкесінің президенті Фатмир Сейдиу хабарлағандай, өлкенің келешектегі мәртебесі бойынша келіссөздің соңғы сатысы нәтижесіз аяқталды. Бүгін келіссөз болып өткен Аустрияның Баден қаласында Сейдиу: “Косово Сербиядан тәуелсіздігін таяу уақытта жариялайды”, деп мәлімдеді. Сербия президенті Б.Тадич Косово үкіметінің осындай кез-келген шешімін мойындамайтынын кесіп айтты. Бадендегі 3 күндік келіссөз – Еуроодақ пен АҚШ-тың және Ресейдің Белград пен Приштинаны Косово бойынша уәжге келтіруге бағытталған ақырғы амалы болды. Олар 10-ыншы желтоқсанда келіссөз жөнінде БҰҰ-ында есеп береді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Баспанасыздарға байқалмаған "Тұрғын үй – 91"
-
Тель-Авив пен Тегеран текетіресі
Иранға соғыс, Ливанға гуманитарлық апат төніп тұр. Таяу Шығыста не болып жатыр?