Пәкістан президенті ант қабылдап, екінші мерзім президенттік қызметіне кірісті. Первез Мүшарраф билік басына 1999 жылы төңкеріс нәтижесінде келген болатын. Кеше Пәкістан президенті ел армиясының бас қолбасшысы міндетінен бас тартып, сегіз жылға жалғасқан әскери билікке нүкте қойды. Мүшарраф қаңтар айының басына белгіленген жалпыұлттық сайлау мезгілінде өткізіледі деп уәде берді. Ал оппозиция жетекшілері болса, Мүшаррафтың президенттікке қайта сайлануы заңсыз деген мәлімдеулерін жалғастырып, елде осы айдың бас кезінде енгізілген төтенше жағдай тәртібін алып тастауды талап етуде.
Первез Мүшаррафтың президенттік жаңа мерзімі оның азаматтық тұлға ретіндегі басшылығымен басталды
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?